Смартфон жадын босатыңыз! Барлық файлыңызды BeeCloud қоймасында сақтаңыз

BeeCloud — барлық файлыңыздың бұлтты қоймасы. Интернеттегі сейф сияқты, тек сенімдірек.
BeeCloud қолданбасын 3 қадаммен қолдана бастаңыз
Сізде 10 ГБ жады бар!
1
2
3

BeeCloud қосымшасын жүктеңіз

Телефон нөміріңізді жазыңыз

SMS арқылы бірреттік код алыңыз

10 ГБ аз ба? Көбірек алыңыз

Қойманың жадын кез келген сәтте үлкейтуге болады. Көлемі үлкен жазылымды таңдасаңыз болды:

100 ГБ

20 000 фотосурет

500 бейне

690 теңге/ай
Сатып алу

1 000 ГБ

200 000 фотосурет

5000 видео

2 990 теңге/ай
Сатып алу

Сұрақтарыңыз бар ма? Жауап береміз!

BeeCloud қоймасында қандай файлдарды сақтай аламын?

Қалағаныңызды сақтай аласыз! Смартфон мен планшет жадын толтырып тастамау үшін фото, видео, байланыстар, құжаттар,архивтер мен кез келген файлды бұлтта сақтаңыз.
Сіз BeeCloud-тағы қорғалған папкағакез келген құжаттың цифрлық көшірмесін жүктеп, олардың қауіпсіздігіне алаңдамай жүре аласыз.

Қауіпсіз бе?

Әрине! BeeCloud — интернеттегі онлайн-сейф деп санауыңызға болады. Тек оны ашатын шифр кез келген нағыз сейфтікінен күрделірек. Оны ашу үшін, әр жолы жаңа бірреттік құпия сөз аласыз – тыңшылар туралы фильмдердегі сияқты :)
Одан бөлек, телефоныңызда қолданбаны пин-код, Touch ID немесе Face ID арқылы қорғай аласыз.
AES 256 шифрының арқасында деректеріңіз қауіпсіз болады.

Жазылымнан қалай бас тартуға болады?

Сіз жазылымнан әрқашан қолданбада немесе Becloud сайтында бас тарта аласыз. Ол үшін «Тағы» мәзірін ашыңыз (үш нүктемен көрсетілген), «Жазылымдар» бөліміне өтіп, «Өшіру» түймесін басыңыз.

Егер Сіз Beeline корпоративті клиенті және басқа оператордың абоненті болсаңыз, онда Сіз Google Play/App Store-дағы аккаунтыңызда бас тарта аласыз.

Бас тартқаннан кейін Сіз бұлтты сақтауды соңғы төлемнен бастап 30 күн өткенге дейін пайдалана аласыз. Төленген кезеңдегі қаражат қайтарылмайды.

Менің тағы да сұрақтарым бар!

Біздің өнімге қызығушылық танытқаныңызға рақмет. Біз осы бетте жауап бермеген сұрақтарыңыз болса, beecloud_support@beeline.kz электрондық поштасына хабарласуыңызды өтінеміз.

Маған BeeCloud не үшін керек? Оны не істеймін?

BeeCloud — кәдімгі сейф, бірақ интернетте. Онда файлдарыңызды сақтай аласыз. Мысалы кез келген файлыңызды сақтап, жинақтап, жақындарыңызбен оған кіру мүмкіндігін бөлісе аласыз.
Ал төлқұжат, жүргізуші куәлігі сияқты дербес деректері бар құжаттарыңызды қосымша құпиясөзі бар арнайы папкаға салып қоя аласыз. Оның жеке деректеріңізді сақтайтын қос қауіпсіздігі болады.

Жазылымды қалай сатып аламын?

Осы бетте немесе қолданбада тариф жоспарын таңдап, «Сатып алу» пернесін басасыз. Төлем 30 күн сайын өздігінен алынып отырады.
Егер Сіз Beeline абоненті болсаңыз, жазылымға мобильді теңгерімнен төлей аласыз. Басқа операторлардың абоненттері оны Google Play немесе App Store арқылы алады

Сервисті кім қолдана алады?

Кез келген жан! Тек екі шарты бар:
- Сіз 18 жасқа толған болуыңыз керек
- Сізде қазақстандық кез келген оператордың мобильді нөмірі болуы керек